Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Атыраудағы орталықты басқарады
АТЫРАУ. KAZINFORM – Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилманов Атыраудағы олимпиада резервін дайындау орталығының директоры болып тағайындалды.

Арман Константинұлы 1984 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.
Таеквондодан 2004 жылы Иранда, 2005 жылы Германияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған. Ал 2007 және 2009 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдегері болған.
Ел намысын Азия чемпионатында да сәтті қорғаған. Мәселен, 2006 жылы Азия чемпионы атанса, 2002, 2008 жылдары Азия чемпионатының қола жүлдесін 2010, 2012 жылдары күміс жүлдесін иеленген.
2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында қола медальға ие болған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағын алған. «Құрмет» орденімен марапатталған.
2003 жылдан бері спорт нұсқаушысы, таеквондодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы, Атырау аймақтық спортты дамыту орталығы директорының орынбасары болған Осы кезге дейін Қазақстан таеквондо федерациясының вице-президенті қызметін атқарған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облыстық полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалғанын хабарлаған едік.