Бейжіңде баспана сатып алуға қойылған шектеулер жеңілдетілді

АСТАНА. KAZINFORM — Бейжің билігі тұрғын үй нарығын ынталандыру мақсатында баспана сатып алуға қойылған шектеулерді жеңілдетті, деп хабарлайды Синьхуа.

Бейжің
Фото: Синьхуа

Қала билігі жұма күні қаладағы жылжымайтын мүлік нарығын ынталандыру мақсатында бесінші айналма жолдан тыс орналасқан коммерциялық тұрғын үйді сатып алуға қойылған шектеулердің алынғанын хабарлады.

Жұма күні жарияланған ресми циркулярға сәйкес, тамыздың 9-нан бастап, бесінші айналма жолдың сыртындағы аймақтарда жергілікті тіркеуі бар отбасыларға да, сондай-ақ Бейжіңде кемінде екі жыл бойы әлеуметтік сақтандыру немесе жеке табыс салығы бойынша үздіксіз төлем жасаған тіркеуі жоқ отбасыларға да тұрғын үй сатып алуға қойылған барлық шектеулер алынып тасталады.

Сондай-ақ, Бейжіңнің Қоғамдық тұрғын үй құрылысы қорын басқару орталығы мен қала құрылысы комитеті бірлесіп таратқан құжатта, Бейжіңде коммерциялық тұрғын үй сатып алатын, некеде тұрмаған кәмелетке толған азаматтар үшін, жергілікті тіркеуі бар отбасылармен тең дәрежеде сатып алу ережелері қолданылатыны айтылған.

Циркулярға сәйкес, тұрғын үй сатып алушыларға қоғамдық тұрғын үй құрылысы қоры тарапынан қосымша қолдау көрсетілмек.

Қалада меншігінде баспанасы жоқ, алайда ел аумағында тұрғын үй құрылыс жинақ қоры арқылы алынған несиесін толық өтеген азаматтар енді алғашқы тұрғын үй сатып алушы ретінде есептелетін болады. Бұған дейін олар кейінгі (қайта) сатып алушылар санатына жатқызылатын еді.

Сонымен қатар, екінші тұрғын үй сатып алу үшін берілетін несие лимиті 600 мың юаньнан 1 миллион юаньға дейін (шамамен 84 000 АҚШ долларына дейін) ұлғайтылды.

Бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері 30 пайызға дейін төмендетілді, бұл жеңілдік бесінші айналма жолдың ішіндегі де, сыртындағы да үйлерге қатысты қолданылады.

Осыған дейін Бейжіңде 8 робот энергия блогын жеткізу сапарын Ұлы Қытай қорғанынан бастағанын жазғанбыз.

АҚШ Германиядағы шамамен 5 мың әскерін бір жылдың ішінде шығарады
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Германиядағы шамамен 5 мың әскерін бір жылдың ішінде шығарады