Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бейжіңде нөсер жауынға байланысты қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай астанасы Бейжіңнің бірқатар ауданында қатты жауын-шашынға байланысты қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Наивысший уровень опасности из-за ливней объявлен в Пекине
Фото: Xinhua (Синьхуа)

10 және 11 шілде күндері қалада экстремалды жауын-шашын күтіледі.

Миюнь, Хуайжоу, Шуньи, Фаншань және Пингу аудандарында ең жоғары – «қызыл» қауіп деңгейі енгізілді. Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде небәрі алты сағат ішінде 150 мм-ден астам жауын-шашын түсуі мүмкін, ал тәуліктік көрсеткіш 200 мм-ден асады.

Су тасқынына қарсы күрес жөніндегі штаб қала тұрғындарына арнайы ескерту жасады. Су басу қаупінің жоғары болуына байланысты 9 шілде күні сағат 13:30-дан бастап Бейжіңде төтенше әрекет етудің екінші деңгейі енгізілді.

– Тұрғындарға ауа райы болжамындағы өзгерістерді, дауылды ескертулерді және қауіпсіздік шаралары туралы ресми ақпаратты мұқият бақылауға кеңес беріледі. Сондай-ақ тұрғындардан жолға шығуды шектеу, қауіпті аймақтардан аулақ болу және сақтық шараларын сақтау сұралады, – делінген SMS-хабарламада.

Айта кетейік, Қытайда аяқ киім фабрикасындағы өрттен 28 адам қаза тапты.