Биыл елімізде мемлекеттің қолдауымен 820 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан
АСТАНА. KAZINFORM - Биыл жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының кешенін іске асыру жұмыссыздық деңгейін 4,6%-ға дейін төмендетуге ықпал етті, бұл ретте еңбек нарығына 300 мыңға жуық жас маман шыққан.
Бұл туралы жылды қорытындылыған ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Светлана Жақыпованың құттықтауында айтылған.
Ондағы деректерге қарағанда, жыл басынан бері 820 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 296 мыңға жуық адам қамтылды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын 9 239 азамат жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК мөлшерінде грант алды. Оқыту және кәсіптік бағдарлау түріндегі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларымен 478 мыңнан астам қазақстандық қамтылды.
Сондай-ақ биыл субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру кезінде жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейтетін өзгерістер нормативтік құқықтық актілерге енгізілді. Жаңартулар рәсімдердің ашықтығын арттыруға, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне және жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысатын азаматтарды нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
-Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде 2025 жылы 1,1 мыңнан астам мамандықты қамтыған 132 кәсіптік стандарт әзірленді және өзектендірілді, оның 600-і – жұмысшы мамандықтары. Бұл келешекте еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,-деді министрі.
Осыған дейін биыл зейнетақы мөлшері қаншалықты өскені туралы жаздық.