Биыл қазақстандықтардан 1 сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан астам өтінім түсті

АСТАНА. KAZINFORM - 1-сыныпқа өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл 217 мектеп оқушыларды қабылдайды
Фото: Kazinform

Бүгінге дейін 275177 өтінім келіп түсті. Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізген.

Алдын ала болжам бойынша, 2024 жылдың 31-желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар саны 370 мыңнан асады, осылайша олардың бірінші сыныпқа баруға толық мүмкіндігі бар.

Азаматтарға қолайлы болу үшін қызмет көрсету толығымен автоматтандырылды. Ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері өз өтінімдерін еgov.kz электронды порталында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады.

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінімдер демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Соңғы жаңалықтар