10:57, 19 Тамыз 2024 | GMT +5
Биыл мопедтерге қатысты жол-көлік оқиғасында 40-тан астам адам мерт болды
АСТАНА. KAZINFORM – Осы жылдың 7 айында мопедтерге қатысты 700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Осы жылдың 7 айында мопедтерге қатысты 734 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 адам қаза тапқан, 799 адам жараланған», - делінген ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Биыл мопед жүргізушілерінің 53 мыңнан астам құқық бұзу дерегіне қатысы болған.
Айта кетейік, шілде айының аяңында елдегі айыппұл тұрақтарында 5 мың мопед тұрғаны белгілі болды.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев жыл басынан бері шағын көлік тізгіндеген жасөспірімдер неше рет жол апатына түскенін айтты.