Бильярдтан «Еркін пирамида» бойынша ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтпек

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Сәуірдің 27-сі күні Байқоңыр қаласында бильярдтан «Еркін пирамида» бойынша ерлер арасында Қазақстан чемпионаты басталады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Турнирге ҚР Бильярд спорты федерациясының облыстық филиалдары мен Байқоңыр қаласындағы кеңсесі ұсынған спортшылар ғана қатыстырылады.

Басты мақсат - «Еркін пирамида» бильярд ойынының Қазақстанда танымалдығын арттыру және үздіктерді анықтау.

Чемпионаттың бірінші кезеңінде ойыншылар 8 адамнан құралатын топтарға бөлінеді. Топтық ойындарда әр топтан үздік деп танылған 2 ойыншы финалдық кезеңге жолдама алады. Бұл кезеңде жеребе тарту арқылы қарсыластар таңдалады. Ойыншылардың жеңілгені бірден ойыннан ығыстырылып отырады.

Соңғы жаңалықтар