Білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен бірі уақытша субсидияланады

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жол картасына білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының 3-тен бірі уақытша субсидиялау, жұмыс берушілер тарабынан оқуға гранттар бөлу, жұмыс істейтін жастарды жұмыс орындарын сақтау шартымен оқыту сынды тетіктер енгізілген.
«Бүгінгі күні Білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысын 3 субсидиялауға 14 кәсіпорыннан 3 мың қызметкер өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта ұсынылған мәліметтер кәсіпорындарға бару арқылы тексерілуде. Таяу уақытта ол тізім Дариға Нұрсұлтанқызының (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Назарбаева - агентт.) төрағалығымен өтетін ведомствоаралық комиссияда қаралатын болады», - деді министр.
Сонымен атар ол жұмыс істеп жатқан 105 жас маман жұмыс орындарының сақталу шартымен кәсіптік оқуға жіберілгенін атап өтті.
«Жұмысынан айырылған 55-пен 64 жас аралығында 246 адам қызмет көрсету саласы үшін қайта дайындыққа және біліктілік арттыруға жіберілді», - деді Т.Дүйсенова.