Білім беру саласында Апатты жағдайлар қаупін төмендету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Ұлттық баспасөз клубында ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасында Білім беру саласында Апатты жағдайлар қаупін төмендету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстандағы халықтың неғұрлым әлсіз, осал топтары арасында апат қаупін төмендетуге қолдау көрсету» жобасын іске асыру аясында аталған ұйымдар арасында ынтымақтастық орнатуға арналған тиісті құжатқа Жансейіт Түймебаев, Владимир Божко және Ханаа Сингер қол қойды. «Осы жыл бойы кейбір мектептерде сынақтан өтетін апатты жағдайлар қаупін төмендету жөнінде арнайы курс әзірленетін болады. Біз балалар мен жастарға мектеп қабырғасынан бастап апаттық жағдайларда қалайша жан сақтап қалу қажеттігі туралы білім беруіміз керек», - деп атап өтті Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев. Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының өкілі Ханаа Сингер өз кезегінде, балалардың бойына қауіпсіздік мәдениетін дарыту қажеттігін айтты. «Балалар ? біздің үмітіміз және келешегіміз. Біз жас ұрпақтың төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда не істеуі керектігін, алған дағдыларын тәжірибеде қолдана білуі үшін барлық жағдайларды жасауымыз керек. Бәріміз үшін неғұрлым қауіпсіз болатын келешек құру үшін бірлесе отырып, балаларға көмектесуіміз қажет», - деді ЮНИСЕФ өкілі.
Соңғы жаңалықтар