Білім беру сапасын арттыру мәселесі ұлттық деңгейде қаралатын болады - Б.Жұмағұлов

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен отандық білім беру сапасын арттыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесінің мәжілісі өтті.
None
None

Оған министрлікке қарасты барлық аймақтық құрылымдардың басшылары қатысты.

Министр атап көрсеткендей, бүгінгі күннің негізгі мәселесі - білім сапасын көтеру. Осыған орай бүгінгі жиынға министрліктің жаңадан ашылған облыстық құрылымдары - кәсіптік біліктілікті арттырудың «Өрлеу» ұлттық орталығының бөлімшелері, жастар саясаты басқармалары, білім беру саласындағы бақылау және балалар құқықтарын қорғау департаменттерінің жетекшілері жиналып, отандық білім беру сапасын көтерудің негізгі тетіктерін талқыға салды. Қазіргі кезде аталған құрылымдарда жұмыс істейтін мамандардың саны 2,5 мыңнан асып жығылады. Б.Жұмағұлов олардың жергілікті жерлердегі кәсіби жұмысына үлкен сенім артып отыр.

«Бүгін біз жұмыс кеңесін өткізіп отырмыз. Ол республикалық дәрежеде өтіп жатыр деуге болады. Бұл - министрліктің ұлттық деңгейдегі жаңа құрылымы. Енді, білім беру сапасын арттыру мәселелері осында, ұлттық деңгейде қаралатын болады», - дейді Б.Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар