Білім мен ғылымға бұдан былай да ерекше көңіл бөлінетін болады

ОРАЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Елімізде білім мен ғылымға бұдан былай да ерекше көңіл бөлінетін болады. Бұл туралы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымованың қатысуымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиялық Жолдауын және «Нұр Отан» ХДП-ның саяси доктринасын талқылауға арналған мәжілісте айтылды.
None
None

Жиын барысында Әлия Қайратқызы соңғы жиырма жыл ішінде еліміздегі білім беру саласындағы оң өзгерістерге кеңінен тоқталды. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беруді дамытуда «Балапан» бағдарласымының жетістіктері, үш тілді еркін меңгеруге және оқушылардың интеллектуалдық қарым-қабілетін жетілдіруге бағытталған арнайы Назарбаев зияткерлік мектептерінің республиканың әр аймағында ашылуы, 2013 оқу жылынан бастап 1-сыныпқа міндетті пән ретінде ағылшын тілінің енгізілуі орта білімді дамытуға зор мүмкіндіктер туғызғандығын атап өтті. Соңғы жылдары елімізде ғылымның дамуына да ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның нақты дәлелі ретінде Астана қаласындағы Назарбаев университетінінің ғылыми орталығында Қазақстан бойынша ең ірі 40-қа жуық ғылыми жоба жүзеге асырыла бастады. Өткен жылы Елбасының бастамасымен инновациялық бизнес пен ғылымды өркендету мақсатында Алматы қаласында «Алатау» инновациялық технология паркінің (ИТП) құрылғанына тоқталып өтті. Бұл жаңа нысанда 2015 жылға қарай еліміздің 450 ірі кәсіпорыны мен жоғары оқу орындары өздерінің заманауи өнімдерін шығаруға мүмкіндік алмақ.

Сондай-ақ жауапты хатшы бүгінгі таңда ғылым және білім министрлігінің басты талабы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі басты орында тұрғандығына тоқталды.

Соңғы жаңалықтар