Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов жұмыс сапарымен Қызылорда облысында жүр

ҚЫЗЫЛОРДА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов кешеден бері Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүр.
None
None

Қаңтардың 20-сы күні осында өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалының кезекті конференциясына партияның Республикалық кеңесінің мүшесі ретінде қатысқан ол бүгін өзінің сапарының негізгі жұмыстарына кірісті.

Бүгін таңертең Бақытжан Жұмағұлов облыс орталығының іргесіндегі Қарауылтөбе ауылындағы А.Хангелдин атындағы 250 орындық орта мектептің ашылу рәсіміне қатысты. Осы елді мекенде мемлекеттік тапсырыспен салынған «Сарыарқа-ЛМ» атты жекеменшік балабақшаның жұмысымен танысты. Осыдан кейін Тасбөгет кентіндегі дарынды балаларға арналған № 4 мектеп-интернаттағы білім беру саласында инновациялық технологияларды енгізу жұмыстарын көрді. Бұдан кейін Бақытжан Тұрсынұлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің спорттық-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу мерекесіне, қаладағы «Сырдария» шағын ауданында орналасқан 1248 орындық №264 мектеп-лицейде шағын орталықтың ашылу рәсіміне қатысты.

Осы күні №264 мектеп-лицейде Білім және ғылым министріБ.Жұмағұловтың қатысуымен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында облыс білім саласы қызметкерлері активінің жиыны өткізілді.

Соңғы жаңалықтар