Былтыр Атырауда анықталған 5 қаржылық пирамида 425 млн теңге шығын келтірген

АТЫРАУ.KAZINFORM — Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 5 қаржылық пирамида дерегін анықтап, құрықтаған. Бұл туралы баспасөз брифингінде департаменттің басқарма басшысы Бекболат Әнесов мәлімдеді.

Былтыр Атырауда анықталған 5 қаржылық пирамида 425 млн теңге шығын келтірген
Фото: ҚМА

Қылмыстық істерді тергеу барысында қаржы пирамидаларына 2000 адам ақша салғаны белгілі болған. Келтірілген шығын көлемі 425 млн теңгеге жуықтайды. Бүгінде ұйымдастырушылардың есепшотындағы 102 млн теңгеге шектеу қойылды.

— Бір мысал келтіретін болсақ, Уксикбаев және Омаргалиев деген тұлғалар Атырау өңірінде «Хармони Райдер Технолоджи» қаржы пирмидасын құрып, салымшылардан жалған инвестицияға ақша қаражатын салғызу арқылы жалпы 58 млн-нан астам теңгені алып, залал келтірген. Сот үкімімен олар қаржы пирамидасын құру дерегі бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды, — деді Бекболат Әнесов.

Мамандардың сөзінше, тұрғындар көбіне пирамидаға қаржы салу арқылы көлік алып, үйлі болуды мақсат етіп сан соғып қалады.

25 млрд теңге салынған Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум