Былтыр Өзбекстанда 900 мыңнан астам сәби дүниеге келді

2023 жылы Өзбекстанда 900 мыңнан астам бала дүниеге келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

 Ақтауда 20 миллионыншы сәбилермен бір күнде 19 бала өмірге келді
Фото: Pixabay

Өзбекстан Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, былтыр республика бойынша 968 140 нәресте туған. Оның ішінде 466 563 қыз болса, 501 177 ұл. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 28 360 балаға аз.

Ең жоғары туу көрсеткіші Самарқанд облысында тіркелген. Онда өткен жылы 114 446 бала дүниеге келді. Одан кейінгі орында Ферғана (107 602 нәресте), Қашқадария (102 364 нәресте), Андижан (89 680 нәресте) және Сұрхандария (88 603 нәресте) облыстары тұр.

Қоса кетсек, 2024 жылдың алғашқы күні Өзбекстанда 1 859 нәресте дүниеге келгенін жазып едік.

Еске сала кетейік, демографиялық болжамға сай, 2030 жылға қарай Өзбекстан халқының саны 41 миллионнан асуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар