Былтыр Өзбекстанда ең қымбат көлік нөмірі 74 мың долларға сатылған
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 2024 жылы Өзбекстандағы ең қымбат көлік нөмірі 965,3 млн сумға (шамамен $74,3) сатылған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбек республикалық тауар-шикізат биржасының мәліметінше, бір жыл ішінде VIP көлік нөмірлерінің сатылымы 43,6%-ға өскен. Атап айтқанда, былтыр өзбекстандықтар «Avtoraqam» сервисі арқылы 195 мыңнан астам қымбат нөмірді рәсімдеген.
Оның 97% жеке тұлғаларға тиесілі болса, қалған 3% компаниялар мен түрлі ұйымдардың үлесінде. Былтыр тіркелген ең арзан көлік нөмірі - 1,7 млн сум ($131).
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 9 айында өзбекстандықтар 48,4 млн долларға VIP көлік нөмірлерін сатып алғанын жазып едік.
Таяуда Өзбекстанда электромобильдер үшін утильалым құны қымбаттайды.
Сонымен қатар, былтыр Қазақстан Өзбекстанға ең көп электромобиль экспорттаған елдердің үштігіне енді.