Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бір айдан кейін «Қарағанды-Петропавл-Омбы» бағдарымен жүретін пойыз жолға аттанады

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап «Қарағанды-Петропавл-Омбы» бағдары бойынша аптасына үш рет құрамында 3 купе, 5 плацкарттық вагоны бар,  жаңа пойыз қатынай бастайды.

Бір айдан кейін «Қарағанды-Петропавл-Омбы» бағдарымен жүретін пойыз жолға аттанады

ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл бағдар бойынша жаңа пойызды жіберу шешімі қазақстандықтардан келіп түскен көптеген ұсыныстарға орай қабылданды.

Бағдар әлеуметтік жағынан маңызды санатқа жатқызылғандықтан, республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Жоғарыда аталған бағыт бойынша тасымалдаушы - «Жолаушылар тасымалы» АҚ.