Бір топ кәсіпкер Дубайда өткен «Қазақстанда жасалған» роуд-шоуына қатысты

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Дубайда орналасқан БАӘ-дегі ірі азық-түлік желілерінің бірі - «LuLu-да» ҚР Елшілігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық өнімді насихаттау бастамасын жүзеге асыру аясында «Қазақстанда жасалған» роуд-шоуын ұйымдастырды.
None
None

ҚазАқпараттың арнайы тілшісі хабарлағандай, шара мақсаты - тағам өнеркәсібіндегі Қазақстанның ұлттық жетістігін көрсету, сонымен қатар қазақстандық өндірушілер мен әмірліктің ритейлерлері арасында байланыс орнату.

Шараны өткізуді ҚР тағам өндірісінің шамамен 20 жетекші өндірушісі қолдады. Олардың ішінде «Цесна-Астық», «Сұлтан» макарон фабрикасы, «Маслодел», «Батыс продукт», «Агропродукт», «Марсель», «IBS Group» және т.б. бар.

Сондай-ақ Дубайға СҚО делегациясын басқарған СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров барды.

Күндіз қазақстандықтар «Lulu» гипермаркеттер желісінің басшысымен келіссөздер жүргізді. Онда БАӘ мен Таяу Шығыстағы өзге елдерде қазақстандық өнімді сату мәселелері қаралды.

БАӘ-дегі ҚР Елшісі Қайрат Лама Шариф бастаған қазақстандық делегация «LuLu» (Аль Барша ауданы) дүкенінің жұмысымен танысты.

Кешке ресми түрде «роуд-шоу» шарасы өтті. Оған БАӘ саяси және іскерлік ортасының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар