Бірде бір ядролық үстемдік еткен ірі мемлекет Кеңестер Одағының Қазақстан аумағына жасағанын жасаған жоқ - чехиялық ғалым, ядрошы Ф. Яноух
АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Бірде бір ядролық үстемдік еткен ірі мемлекет Кеңестер Одағының Қазақстан аумағына жасағанын жасаған жоқ. Чехиялық танымал ғалым, ядрошы, Стокгольмдегі Физика зерттеу институтының қызметкері Франтишек Яноухтың тамыздың 26-сы күні Прагада өткен «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халықаралық күні» атты дөңгелек үстел қатысушыларына жазған хатында осылай баяндалған.
«Мен жауапкершіліксіз тәуекелдің құрбанына айналған Қазақстан халқымен бірге уайымдаймын, бұл елдің жерінде ядролық сынақтар, тіпті сутегі бомбасы жарылған. Мен сондай-ақ ядролық сынақтарға тап болған әлемнің басқа елдеріне де көңіл айтамын», - делінген хатта.
Ғалым сонау 1958 жылдың өзінде А.Сахаров атындағы академия ауадағы ядролық сынақтардың қауіптілігін ескерткендігін еске алады. Ф.Яноух онжылдықтар бойы Семейдегі полигонда ядролық қарулар негізінде ауада сыналып келгендігін айтады, сол ядролық жарылыстардың зардабы көптеген онжылдықтар ішінде әлі де толықтай жоғалған жоқ.