Бірқатар компанияның 200 млрд теңге активі мемлекетке қайтарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірқатар компанияның 200 млрд теңге активі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Монополиясыздандыру аясында «Қазақтелеком» АҚ (28,75%), «Көліктік сервис орталығы» АҚ (100%), «Акмолит» ЖШС (100%) тәрізді және басқа да компаниялардың ақшалай қаражаты мен акциялары мемлекетке берілді. Осы активтердің алдын ала сомасы – шамамен 200 млрд теңге», - делінген Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия таратқан ақпаратта.

Комиссияның атап өтуінше, қазіргі уақытта жекешелендіру, мемлекеттік активтерді олигополиялардың пайдасына иеліктен шығару туралы 8 мыңға жуық Үкімет актілерін және сот шешімдерін прокуратура органдары зерделеп жатыр. Олардың кейбіреулері бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданды және нақты нәтижелері де бар.


Соңғы жаңалықтар