Бірлескен іс-қимыл ғана нәтижелі болады - Бақытжан Нысанбаев.

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- «Нұр Отан» пар­тиясының кезектен тыс XVII съезінде Елбасы Н.Назарбаев көптеген келелі мәсе­лелерді талқыға салды. Соның ішінде маған ұнағаны, елімізде жұ­мыссыз жандар болмауы керектігін баса айтқаны болды, деді Қармақшы аудандық емханасының бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев.

Бірлескен іс-қимыл ғана нәтижелі болады - Бақытжан Нысанбаев.

Оның айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер мен мүмкіндіктер жайы көңілден шыққан. «Мұндай істерді тоқтатпай, қайта жандандыру елімізде жұмыссыз жандар болмауын қамтамасыз етеді»,- деді бас дәрігер.

Соңымыздан білімді де білікті жас буын өсіп келе жатқандығына тоқталған аудандық емхананың басшысы, бірлескен іс-қимыл арқылы мақсаттарға қол жеткізетіндігін атап өтті.

«Осы ретте Елбасының бастамасымен қолға алынған сан салалы мемлекеттік бағдарламалар негізінде елімізде көптеген кәсіпорындар ашылды. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының арқасында қаншама адам тұрақты еңбекпен қамтылды. Мұндай бағдарламаның қатарында «Жұмыспен қамту -2020» ерекше маңызға ие болды. Аталған бағдарламаның аймақта жүзеге асуына «Нұр Отан» партиясы да ықпал етуде. Тағы бір айтарлығы, халық санының артуы да назардан тыс қалмады. 17 жыл ішінде ел халқы 3 млн адамға көбейген. Біздің соңымыздан білімді де білікті жас буын өсіп келеді.Тұтастай алғанда, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған мақсаттарға қол жеткізу жолы бүкіл қазақстандықтардың бірлескен іс-қимылында жатыр»,-деп қорытты сөзін Б. Нысанбаев.