Бірлігі мен тірлігі мықты ел ғана табысқа жете алады - БҚО

Онда Н.Шанай Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиялық Жолдауының негізгі бағыттарын, әсіресе, Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты тұстарын кеңінен әңгімелеп берді. Ол сондай-ақ отаншылдық, мемлекеттің тіл саясаты, қазақ тілінің маңызын арттыру, ұлт бірлігі мәселелеріне тоқталды. Елімізге кезінде 62 ұлт өкілдері қуғын-сүргін көріп келсе, кейін Қазақстан олар үшін ортақ үйіне айналды. Сондықтан қоғамдық келісімді көздің қарашығындай сақтаудың маңызы арта түспесе, кемімек емес.
Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық жетекшісі Ғайса Қапақов достық пен өзара түсіністікке негізделген жерде өмір сүру деңгейі жоғарылап, табыс та көбейе түсетінін жеткізді.
Теректі ауданы әкімі Жеңіс Серікқалиевтің айтуынша, ауданда 29 ұлт өкілдері тұрады. 2011 жылы аудан орталығында ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Достық үйі ашылып, ол жеке құрылымға айналып, жыл сайын қаржыландыру деңгейі артып келеді.
Нәзипа Шанай қоғамдық келісім жөніндегі аудандық кеңестің өзекті мәселелер ортаға салынған кеңейтілген мәжілісіне де қатысты.