Биржада доллар бағамы қайтадан 500 теңгеге жақындады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады. 

Биржада доллар бағамы қайтадан 500 теңгеге жақындады
Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,31 теңгеге қымбаттап, 499,83 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 498,09 теңге. 

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 497,82 теңгеден сатып алынады, 501,19 теңгеден сатылады. Еуро 579,90 – 585,35 теңге, ал рубль 6,38 – 6,50 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,39 теңгеден сатып алынады, 75,32 теңгеден сатылады. 

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 495,04 теңгеден сатып алынады, 502,04 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 575,00 теңге, сату – 585,00 теңге;

– рубль: сатып алу – 6,25 теңге, сату – 6,55 теңге.

– юань: сатып алу – 72,14 теңге, сату – 76,32 теңге.

Еске салайық, 3 наурыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,54 теңгеге арзандап, 498,09 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум