Биржада доллар бағасы төмендеп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасымен сауда жабылды.

курс валюта
Коллаж: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген айырбас бағамы 0,25 теңгеге төмендеп, 444,58 теңге болды. Ұлттық банктің 17 қыркүйектегі ресми айырбас бағамы 444,88 теңге болып белгіленді.

Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Астана тұрғындары айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 443,00 теңгеден сатып, 450,00 теңгеден сатып ала алады. Еуроны 509,00 теңгеден сатып, 519,00 теңгеден сатып алуға болады. Рубльді 4,95 теңгеден сатып, 5,15 теңгеден сатып алуға болады.

Алматыда доллар орта есеппен 444,52 теңгеден сатылып, 446,37 теңгеден сатып алынады. Тұрғындар еуроны 509,75 теңгеден сатып, 514,98 теңгеден сатып ала алады. Рубль 5,00 теңгеден сатылып, 5,12 теңгеден сатып алынып жатыр.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар 444,62 теңгеден сатылып, 446,67 теңгеден сатып алынады. Еуро 509,12 теңгеден сатылып, 515,81 теңгеден сатып алынады. Рубль 5,04 теңгеден сатылып, 5,11 теңгеден сатып алынды.

Еске салайық, 16 қыркүйектегі күнделікті сауда қорытындысы бойынша доллардың айырбастау бағамы 444,88 теңге болды.