Биржада доллар бірден 4 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,94 теңгеге түсіп, 487,17 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 491,37 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 485,00 теңгеден сатып алынады, 492,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 562,00 теңге, сату - 572,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,35 теңге, сату - 6,65 теңге.
- юань: сатып алу - 68,99 теңге, сату - 74,03 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 487,88 теңгеден сатып алынады, 490,11 теңгеден сатылады. Еуро 564,62 – 569,72 теңге, ал рубль 6,49 – 6,60 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,55 теңгеден сатып алынады, 72,96 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 15 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,04 теңгеге өсіп, 491,37 теңге болды.