Қор нарығында доллар бағамы нығая түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Доллар мен теңгені қаншадан айырбастауға болады
Фото: Pexels

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,04 теңгеге өсіп, 491,37 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 489,33 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 487,00 теңгеден сатып алынады, 494,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 564,00 теңге, сату - 574,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,40 теңге, сату - 6,70 теңге.
- юань: сатып алу - 68,98 теңге, сату - 74,02 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 490,02 теңгеден сатып алынады, 492,38 теңгеден сатылады. Еуро 569,11 – 574,13 теңге, ал рубль 6,50 – 6,62 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,58 теңгеден сатып алынады, 72,98 теңгеден сатылады.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 1,44 теңгеге өсіп, 489,33 теңге болды.