Бішкекте ҚР Президент Әкімшілігі жаңа басшысының Қазақстан елшісімен кездесуі өтті

БІШКЕК. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкекте Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Оспановтың Қырғыз Республикасы Президент Әкімшілігінің басшысы Данияр Үсеновпен кездесуі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан елшілігінің ақпараты бойынша, кездесудің басында қазақстандық дипломат Д.Үсеновты осынау жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметінде жетістіктер тіледі. Кездесу барысында тараптар екі достас елдің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Қырғыз Республикасының Мемлекетаралық кеңесі құрылғаннан кейін біршама нығайып отырған екіжақты ынтымақтастықтың бірізділік мазмұнын атап көрсетті. Сондай-ақ, 2008 жылы құрылған Үкіметаралық кеңестің бірінші отырысын 2009 жылдың бірінші жартысында өткізу жоспары туралы да сөз етті.
Соңғы жаңалықтар