Бішкекте Панфилов дивизиясына арналған көрме ашылды
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкек қаласындағы Қырғыз мелекеттік тарих мұражайында Панфилов дивизиясына арналған көрме ашылды. Экспозицияда Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов мұражайының экспонаттары ұсынылған.
Акция Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу шараларының аясында өткен.
Бұдан басқа, соғыстың алғашқы айларында Фрунзеде кеңестік Қырғыз елі мен Қазақстанның жауынгерлерінен құрылған атақты 8-ші гвардиялық дивизия жауынгерлерінің ерліктері туралы баяндайтын «Панфилов дивизиясының тамаша жолы» кітабының тұсаукесері өтті.
2 мың дана таралыммен (қырғыз және қазақ тілдерінде) басылып шыққан кітап Қырғызстан Республикасы Қарулы күштерінің бөлімдері мен мекемелеріне пайдалануға беріледі.
Көрме ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін жалғасады, деп хабарлады Қырғыз Республикасы Қарулы күштері бас штабының баспасөз қызметінен.