Биыл 2016-2018 жылдарға арналған Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыстар жоспары қабылданады деп сенеміз - В.Путин

«Біз шын мәнінде шағын құрамдағы келіссөз барысында ынтымақтастығымыздың маңызды бағыттары бойынша сөйлестік. Бірақ, мен бастапқы сәтте біздердің қарым-қатынасымыз барлық бағыттарда өте тиімді дамып жатқанын атап өткім келеді. Мен саяси және қауіпсіздік мәселелері, лаңкестікпен, ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелеріне қатысты айтып отырмын. Әрине, экономика саласы да бар. Біз белгілі бір статистикалық құлдыраудың шамалы орын алуын байқаудамыз. Бірақ, физикалық көлем іс жүзінде өзгеріссіз қалуда. Біз қазіргі уақытта 2013 жылы қабылданған екіжақты жоспар аясында жұмыс істеудеміз. Оның мерзімі 2015 жылы аяқталады. Біздің әріптестеріміз 2016-2018 жылдарға арналған келесі бірлескен жұмыстардың жоспарын әзірлеуде. Біз Қазақстандағы серіктестерімізге жоспар жобасын жібердік және ағымдағы жылдың соңына дейін, желтоқсан айына дейін оның қабылданатындығына үміт артамыз», - деді В.Путин.
Сонымен қатар РФ Президентінің атап өтуінше, Қазақстан экономикасындағы ресейлік инвестиция көлемі де еселене түсуде. Бүгінде ол 9 млрд. доллардан асып жығылып отыр.
Ресей басшысы өз сөзінде Ресей арқылы қазақстандық мұнайдың басым бөлігі Атырау-Самара, Махачкала-Новороссийск және Каспий мұнай құбыры арқылы экспортқа шығарылып жатқандығын атап өтті.