20:45, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
Биыл 66 техникалық және кәсіби білім беру мамандықтары бойынша стандарттар әзірленеді
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Биыл 66 техникалық және кәсіби білім беру мамандықтары бойынша стандарттар әзірленеді. Бұл туралы бүгін Химия өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.

«2013 жылы 66 техникалық және кәсіби білім беру мамандықтары бойынша кәсіби стандарттар әзірленетін болады», - деді ол.
Ә.Исекешевтің атап өтуінше, олардың ішінде химия өнеркәсібіне тікелей қатысты химиялық талшық өнідірісі, химиялық технология және өндіріс, тұтқыр және сусымалы материалдардың химиялық өнідірісінің құрал-жабдықтары сынды мамандықтар бар.