Биыл елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды қаржылық қолдауға 153,4 млрд. теңге қарастырылған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі жандарды қаржылық қолдауға қарастырылған қаражат 153,4 млрд. теңгені құрайды. Бүгін Мәжілісте мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған Үкімет сағатында депутат Гүлнар Ықсанова осылай мәлім етті.
None
None

«Жыл сайын мемлекет мүмкіндігі шектеулі адамдарды қаржылық қолдауды арттырып келеді. Мәселен, 2014 жылы осы бағытқа қарастырылған сома 153,4 млрд. теңгені құрайды. Бұлар - мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, әлеуметтік жәрдемақылар мен тегін көрсетілетін қызметтер. Мұндай әлеуметтік төлемдерді арттыру аса қажетті және өмірлік маңызы зор. Алайда, сонымен қоса, арттырылған төлемдер тетігі де нәтижелі болуы керек», - дейді депутат Г.Ықсанова. Оның айтуынша, әлеуметтік төлемдер негізіне күнкөрістің ең төменгі мөлшерімен қаржылық қамтамасыз етілген әлеуметтік стандарттар алынуы керек. «Жалпы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қамтамасыз ету үшін бізге ең маңыздысы - мүгедектерге қатысты барлық мәселелердегі билік органдарының қызметін бағалаудың нақты критерийлері қажет», - деп атап өтті депутат.

Соңғы жаңалықтар