Биыл Индустрияландыру картасы бойынша 100 жоба енгізіледі
Соның ішінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында құны 7,6 млрд теңге болатын 10 жоба іске қосылып, 415 тұрақты жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ құны 3,7 трлн теңге болатын 320 жоба дайындалуда. Оны аясында 36 мың тұрақты жұмыс орны құрылады деген жоспар бар.
Отандық кәсіпорындарды технологиялық жағынан жаңғырту мақсатында жыл соңында өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық жағынан қайта жарақтандыру бойынша кешенді шараларды бекіту жоспарланып отыр.
Жалпы алғанда Индустрияландыру картасы аясындағы жобалар бойынша өткен жылы құны 2,2 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, олардың 1,4 трлн теңгесі қайта өңдеу өнеркәсібіне тиесілі болды.
Орташа алғанда Индустрияландыру картасының аясында енгізілген жобалар ай сайын 180 млрд теңгенің өнімдерін өндіріп отыр.