Биыл Қазақстанда 100 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда 100 мыңнан астам түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарлады.
None
None

Агенттіктің ресми сауалына берген жауабында министрлік ҰБТ өткізуге арналған 154 пункт дайындалатынын атап өтті. Бұл жерлерде сынақты ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комиссиялар құрылды.

«ҰБТ-да қолданылатын емтихан материалдары жасақталуда. Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде 10 наурыздан бастап 25 сауірге дейін түлектерден өтініштер қабылдау жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап көрсеткеніндей, 2014 жылы 134 648 оқушы мектеп бітіреді.

«Оқушылардың 80 пайызы ҰБТ-ға қатысады деп болжануда, бұл шамамен 107 000 түлек», - делінеді ҚР БҒМ хабарламасында.

ҰБТ форматы өзгеріссіз қалып отыр. Қазіргі уақытта барлық аймақтарда оқытушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттандыру жұмыстары қалалық және ауылдық мектептердің қатысуымен онлайн режимінде ұйымдастырылуда.

Соңғы жаңалықтар