Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Биыл Қызылордада «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 1 млрд. 633,5 мл. теңге салынады

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласында биылғы жылы «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 51 нысан жөндеуден өткізілмекші.

Биыл Қызылордада «Жол картасы»  бағдарламасын жүзеге асыруға 1 млрд. 633,5 мл. теңге  салынады

Осы мақсатқа бюджеттен 1 млрд. 633,5 млн. қаржы қаралған.

Қазіргі күндері мұнда 15 күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу кестеге сәйкес орындалып жатыр. Сонымен қатар тұрғын үй бағдарламасы негізінде Жібек жолы көшесінің бойында 13 бес қабатты ипотекалық жалға берілетін үй­лерден тұратын жаңа шағынаудан қарас­тырылып отыр­ғандығын жеткізді. Осы аумақты жылумен қамтамасыз ету үшін қуаттылығы сағатына 15 Гкалды құрайтын жылу қазан­дығы салынады. Биылғы жылы 50 пәтерлік ипотекалық және 30 пәтерлік жалға берілетін үйлердің құрылыстары басталды. Көпқабатты үйлердің аулаларында балалар ойнай­тын 10 алаңқай салынады. Осы мақ­сатқа 53 млн. теңге бөлінген.