Биыл ТМД және Батыс Еуропа елдерінен Қазақстанға 100-ден астам адам қайтарылды - И. Меркель

ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биыл ТМД және Батыс Еуропа елдерінен Қазақстанға шамамен 100-ден астам адам қайтарылды.
None
None

Бұлар жалпы қылмыстық әрекеттерді жасағандардың қатарында. Бүгін Астанадағы «Қазақстан - Еуропа: ынтымақтастықтың нәтижелері және жаңа көкжиектері» халықаралық конференциясы барысында журналистер сауалына жауап беру кезінде ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай мәлім етті.

И. Меркельдің сөзіне қарағанда, тағы да екі адам Португалия мен Швециядан экстрадициялануға жақын тұр. «Ал ЕО-дан бізге әзірге үш адам қайтарылды. Енді екеуін қайтару шаралары аяқталуға жақын»,-деді ол. Шетелдерден қылмыскерлерді елге қайтару өте ұзақ үдіс болып саналады. Себебі, оның азаматтылығы тексеріледі, сондай-ақ оның шағым жасау құқы қаралады. Бұндай шаралар бір жылға жақын уақытқа дейін созылатын көрінеді.

Мұнымен қоса, Бас прокурордың бірінші орынбасары Қазақстаннан Еуропалық одаққа қайтарылған қылмыскерлерге де тоқталып өтті. Оның айтуынша, биыл Фиттер атты Германия азаматшасы қайтарылған екен. Ол есірткі қылмысы үшін сотталған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар