20:35, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Биылғы жылы Қазақстанға ресми сапармен Румынияның Президенті келеді
АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылғы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы істері бойынша уақытша сенімді өкіл Қайрат Аман еуропалық мәселелер бойынша Румыния сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Богдан Мазурмен кездесті.
Кездесудің мақсаты ? екіжақты қатынастарды талқылау, сондай-ақ Қазақстанның алдағы 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі туралы және «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы жөнінде егжей-тегжейлі хабардар етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әңгімелесу барысында сұхбаттасушы Қазақстандағы ішкі саяси үдеріс туралы, сыртқы саясаттың басымдықтары жөнінде хабардар етілді. Атап айтқанда, қазақстандық дипломат біздің елдің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің басымдықтарымен, Еуропа елдерімен технология, энергетика, сауда, инвестициялар сияқты, сондай-ақ институционалдық-құқықтық реформалаудағы Еуроодақтың озық тәжірибесін пайдалану салаларда ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасында қабылданған негізгі ережелермен таныстырды.Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, оның барысында Қ.Аман Қазақстан мен Румыния арасындағы саяси, экономикалық, гуманитарлық байланыстардың тиісті деңгейде дамып отырғанын мәлімдеді. Қ.Аман биылғы жылға жоспарланып отырған Румынияның президенті Т.Басескудің Қазақстанға ресми сапары екіжақты қатынастарға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.