Біз, беларусьтар, бауырлас Қазақстанның барлық жетістігін мақтан тұтамыз - БР Ұлттық жиналысының депутаты И. Клещук

МИНСК. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы Ұлт көшбасшысы ретінде Елбасына үлкен құрмет сезімін туғызады.

Біз, беларусьтар, бауырлас Қазақстанның барлық жетістігін мақтан тұтамыз - БР Ұлттық жиналысының депутаты И. Клещук

Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы өкілдері палатасының депутаты Инесса Клещук ҚР Президентінің Жолдауына осындай бағасын берді.

Бұл туралы Беларусь Республикасындағы Қазақстан елшілігі хабарлады.

Оның айтуынша, елдің халықаралық деңгейдегі рөлі жоғарғы бағаға ие болып отыр, мысалға, 2010 жылдың желтоқсан айында өткен ЕҚЫҰ Саммиті бүкіл әлемге Қазақстанды танымал етіп, ел имиджін жаңа деңгейге көтерді.

«Біз, беларусьтар, бауырлас Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтамыз, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясын қоса алғанда, екі жақты қарым-қатынастың жан-жақты дамуын қолдаймыз», - дейді И.Клещук.