Біз бүкіл әлем елдерін осынау адамзаттың келешек апокалипсисінен құтылуға қарсы көтеруіміз керек - Елбасы Н. Назарбаев
ТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат / Қанат Мәметқазыұлы/ - Бір кездегі қазақ халқы секілді, біз бүкіл әлем елдерін осынау адамзаттың келешек апокалипсисінен құтылуға қарсы көтеруіміз керек.
Бүгін елордада өтіп жатқан «Ядролық қарусыз әлем үшін» форумында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
Cөз арасында Елбасы ядролық қарусыз әлемде ауқымды мақсаттар қойылып, соған ғаламшар болып ұмтылуы қажеттігін атап өтті. Бұл мақсат - қандай да бір идеологиялық-мәдени әртүрліліктен ешқандай да зақым көрмеген жаңа, әмбебап әрі жалпыадамзаттық құндылықтар. «БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясының мінберінде мен Ядролық қарусыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын құру туралы идеяны айттым. Бұл 20 жыл бұрын ядролық қатерге қарсы тұрған Қазақстанның қалыптасқан саналы қадамы. Бұл ретте біз осындай декларацияны қабылдаудың оңай болмайтынын да түсінеміз. Кейбір мемлекеттер қарусызданғысы келмейді, онсыз болмайтындай көрінеді. Енді бірі осы арқылы өзінің үстемдігін білдіргісі келсе, енді бірі өздерінің «ұлылығын» байқатып, бұны барлық әлем алдындағы қолшоқпар көреді. Ертең Семей полигонында болып, сынақтар орнын аралап көресіздер. Мұражайларда осы сынақтан қалған «қорқыныштар» көрсетіледі. Бұндай үрейге қарсы көтерілген қазақ халқы секілді, біз бүкіл әлем елдерін осынау адамзаттың келешек апокалипсисінен құтылуға қарсы көтеруіміз керек», - деді Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде.