Біз дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біз дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз. Бұл туралы бүгін Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан-2050: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты күн тәртібімен өтіп жатқан ХХІ сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Біз дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз - Н.Назарбаев

«Ұлттық мүдде тұрғысынан мұқият ойластырған интеграцияға қарсы болу заманауи үрдіс пен дамуға қарсы болу болып табылады. Ең дамыған елдердің барлығы бүгінде интеграцияға көшуде. Бүкіл адамзат жаһандану жолымен дамып жатыр», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, етек-жеңді қымтап, есік-терезені тарс жауып отыру дамуды тежейді, әлем көшінің соңында қалдырады. «Біз дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз. Байбаламға салып, балақтан тартпай, байыппен ойлап, байсалды әрекет етсек жарасады», - деді Н.Назарбаев.