Біз Иран университеттерінде қазақ тілінен арнайы сабақтар жүргізуге әзірміз ? М.Ахмадинежад
АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Біз Иран университеттерінде қазақ тілінен арнайы оқыту сабақтарын жүргізуге әзірміз.
Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрамымен кездескен Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежад осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.М.Ахмадинежад атап көрсеткендей, бүгінде Иран елі Қазақстанмен білім және ғылым саласында өзара тәжірибе бөлісуге даяр. «Біз өзіміздің ғылыми жетістіктерімізді алмасуымыз қажет. Сондықтан мен сіздерді Иран мемлекетіне ? сіздермен бауырлас халықтың еліне шақырамын. Біз өз тарапымыздан Иран елінде қазақ тілінен арнайы сабақтарды жүргізуге әзірміз, ал Қазақстанда парсы тілінен арнайы курстарды ұйымдастыруға болады», - деді ол. Жүздесу аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежад Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Күлтегін ескерткішімен танысты.