Біз Қазақстанның дамыған қоғамының қажеттіліктеріне сәйкес келешекте де ұлттық заңнаманы ырықтандыруды жүзеге асыратын боламыз - Қ. Саудабаев
![None None](/static/img/plug.webp)
Бүгін Астанада 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының халықаралық тұсаукесерінде ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сонымен бір мезгілде біз шетелдік әріптестеріміздің барлық ұсыныстарын мұқият зерттеудеміз және көзқарастарына алғысымызды білдіреміз, көпшілігінің ұсынымдары игі формада», деді Қ. Саудабаев.
Қ. Саудабаев Қазақстан БҰҰ-ның тиісті конвенциялары, сондай-ақ халықаралық құқықтың басқа да құжаттары аясында өз мойнына алған барлық міндеттемелерді ұстанатынын атап көрсетті. «Осындай ұсынымдарға ашықтығымыздың айғағы ретінде біз ынтымақтастығымызды қарастырамыз, ол бүгін қарастырылып отырған ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеуге және қабылдауға алып келді», деді ол.
«Біз тоқмейілсушіліктен адамыз», деген Қ. Саудабаев, - сондықтан келешекте де отандық заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруді жалғастыратын боламыз», деді. Осы орайда ол аталмыш жұмыстағы бірқатар жаңа бағыттарды Парламент сесиясының ашылуында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрсетіп бергендігіне тоқталып өтті.