«Біз Қазақстанның тамыздың 29-ын - ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялау жөніндегі ұсынысын қолдаймыз» - Азиялық саяси партиялардың жиынына қатысушылар

АСТАНА. Қыркүйектің 26-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясының 5-ші Бас Ассамблеясына қатысушылар Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына тамыздың 29-ын - «Бүкіләлемдік ядролық қарудан  бас тарту күні»деп атау жөніндегі ұсынысын қолдайды.
None
None

Бұл туралы Бас Ассамблеяның отырысында қабылданған «Азияны жаңарту ғасырына» атты декларацияда айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Құжатта сонымен қатар, ядролық державалардың өз елдеріндегі ядролық арсеналдарды сан жағынан да, сапа жағынан да қысқартып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы міндеттерге үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылған. Сондай-ақ, «біз Ресей мен АҚШ-тың ядролық қарудан бас тарту және стратегиялық түрде барынша қарулануды шектеу жөніндегі жақында ғана жасаған келісімдерін қолдаймыз» деген пікірлер де білдірілген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум