Біз көп бағыттар бойынша бір-бірімізді жақсы түсінеміз - К. Мәсімов

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Эстония Үкіметімен бірлесе қол жеткізілген келісімдер екі ел арасындағы сауда-экономикалық мүмкіндіктерді арттыруға септігін тигізбек.
None
None

Біз көп бағыттар бойынша бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Бұл туралы бүгін Эстония Премьер-Министрі Андрус    Ансиппен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларда ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктері мол екендігіне тоқталған К. Мәсімов, «Саяси  салаға тоқталсақ, алдағы жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етеді. Осы орайда Еуропалық одақпен, оның ішінде Эстониямен байланыстар маңызды», деді.

Премьер-Министр екі ел арасында әлеуметтік экономикалық сала бойынша Қазақстан жүктерін Эстония айлақтары арқылы тасымалдау мүмкіндіктері бар екенін, осыған байланысты бүгін тиісті келіссөздерді жүргізу үшін тапсырмалар берілгенін атап өтті. «Болашақта Эстония атом электр стансысын салу шешімін қабылдаса, уранды отын ретінде Эстониядағы стансыға тасымалдау мәселесі талқылануы мүмкін», деді К. Мәсімов.  Мұнымен қоса Үкімет басшысы Эстония Премьер-Министріне қаржы дағдарысын еңсеруге қатысты екі елде жинақталған тәжірибелер сөз болғанын жеткізді. «Меніңше,  біздің ынтымақтастықты өзара толықтырып, екі елдің халқы үшін қосымша басымдықтарға жеткізеді деген ойдамын», деді.

Соңғы жаңалықтар