17:22, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Біз өзіміздің стратегиялық одақтасымыз ? Қазақстанды жоғары бағалаймыз ? Ресей президенті Дмитрий Медведев
МӘСКЕУ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ – Бүгін Мәскеуде Үлкен Кремль сарайының Александров залында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке сенім грамотасын тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Салтанатқа сонымен қатар, Ресей президентінің көмекшісі Сергей Приходько мен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысты.Дәстүр бойынша ресейлік лидер ең көкейкесті халықаралық проблемаларға арналған, сондай-ақ Ресейдің Қазақстанмен қатынасын білдіретін сөз сөйледі.«Біз өзіміздің стратегиялық одақтасымыз ? Қазақстанды жоғары бағалаймыз. Жыл өткен сайын біздердің әріптестігіміз кең қанат жая түсуде, ол ірі жобалармен толығуда, біздер ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨІСШК аясында, сондай-ақ БҰҰ және ЕҚЫҰ аясында көпжақты форматтағы ынтымақтастықты белсенді түрде жалғастырудамыз», ? деді Дмитрий Медведев.