Біз Украина мен Ресей арасындағы кезекті газ мәселесіне дайынбыз - Богарияның министрі

АСТАНА. Қыркүйектің 25-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алдағы уақытта Украина мен Ресей арасындағы кезекті газ мәселесі туындаған жағдайда біз бірнеше айға дейінгі уақытқа шыдас бере аламыз. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан IV Еуразиялық энергетикалық форум аясында журналистерге сұхбат берген Болгарияның Экономика, энергетика және туризм министрі Трайчо Трайков мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейінгі газ дағдарысы кезінде Болгария елінің үлкен экономикалық-әлеуметтік тығырыққа тап болған елдердің бірінші легінде болғандығы туралы еске салған Т.Трайков, «қазіргі уақытта Болгариядағы барлық газ қоймалары толтырылуда. Онда 5-6 айға жететін газ қоры бар. Бүгінгі таңда осы қоймаларды күн сайын толықтыру жұмыстары атқарылып жатыр. Сондықтан біз Украина мен Ресей арасындағы кезекті газ мәселесіне дайынбыз», - дейді Т.Трайков.

Министрдің атап көрсеткеніндей, таяу болашақта Болгария 2020 жылға дейінгі энергетиканы дамыту стратегиясын қабылдамақ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум