Біздің делегацияға елімізде тұратын 140-тан астам этностың бірігу рухын сезіну мәртебесі бұйырды - ҚХА мүшесі Г.Мұсабаева

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясын өткізу тарихында алғаш рет солтүстікқазақстандвық 2 делегат президиумда отырды. Олардың бірі Гүлбақша Мұсабаева - СҚО ҚХА «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығы жетекшісінің міндетін атқарушысы.
None
None

«Болгарлармен, кабардиндықтармен, қарақалпақтармен қатар отырдық. Біздің делегацияға елімізде тұратын 140-тан астам этностың бірігу рухын сезіну мәртебесі бұйырды», - деді Г. Мұсабаева.

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы - этносаралық қатынастардың нығаюы үшін бірлік пен келісім жұмыс істейтін институт, - деп атап өтті Г. Мұсабаева.

«Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық-нормативтік базасы өте мықты. Сондықтан үлкен мінберден Мемлекет басшысы Ассамблеяда халықаралық ықпалдастық бар екенін айтты. РФ екі өкілі Ассамблеяның «Бірлік» медалімен марапатталды. Бұл қуантарлық жайт»,- деп қосты Г. Мұсабаева.

Бүгінде солтүстікқазақстандық ассамблея М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Сондықтан да Гүлбақша Мұсабаева өз жұмысында жастарға көп көңіл бөлмек.

«Менің мақсатым - ұлысаралық бірлік пен келісімді насихаттау арқылы Президенттің «Мәңгілік ел» идеясын алға жылжыту. Бұл туралы айтып жүру керек, әсіресе, негізгі ойды жастарға жеткізу қажет», - деді «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығы жетекшісінің міндетін атқарушысы.

Жаңа қазақстандық патриотизм - бұл бейбітшілік, бірлік және келісім. Елдің әрбір тұрғынының мемлекет экономикасы мен саясатына қосқан үлесі. Осыны негізге алғанда ғана біздің көпұлтты мемлекетіміз өркендейді, ал қазақстандықтардың көп қырлы мәдениеті дамиды, - деп түйді Г.Мұсабаева.

Жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясының 21 сессиясына қатысқан СҚО делегациясының құрамында 25 адам болды

Соңғы жаңалықтар