Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Біздің еліміз жаһандық ядролық сұхбаттың белсенді мүшесіне айналды - ҚР Президенті

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан жаһандық ядролық сұхбаттың белсенді мүшесіне айналды. Бұл туралы Астанада, жұма күні өткен Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Біздің еліміз жаһандық ядролық сұхбаттың белсенді мүшесіне айналды - ҚР Президенті

Н.Назарбаев атап өткендей, біздің еліміз әлем мемлекеттері арасынан алғашқы болып атомдық қарудан бас тартты, әлемдегі ірі Семей полигонын тоқтатып, жаһандық ядролық сұхбаттың белсенді мүшесіне айналды.

«Бүгінде Қазақстан БҰҰ-ға ядросыз әлем туралы арнайы Декларацияны қабылдауды ұсынып отыр. Негізгі заңымыз Қазақстан сыртқы саясатының үйлесімділік, өлшемділік, көпбағыттылық сияқты басты мақсаттарын бекітті», - деді Мемлекет басшысы.