Біздің көмегімізге зәру балалар баршылық - «SOS Kinderdorf International» халықаралық корының президенті

Бүгін Астанада екі қор арасындағы қаржылай көмек жөніндегі меморандумды рәсімдеу шарасы барысында «SOS Kinderdorf International» халықаралық корының президенті Ситтарта Кол осылай айтты.
Оның хабарлауынша, бүгінде «SOS Kinderdorf International» халықаралық корына 133 мемлекет кіреді. «Қазақстандағы ынтымақтастық олардың барлығына үлгі бола алады», - дейді С.Кол. Айта кетейік, бүгін рәсімделген құжатқа сәйкес, «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан SOS Қазақстанның балалар ауылдарын дамытуға 200 млн. теңге бөлінбек. «Сол үшін мен «Самұрық - Қазына» қорына зор алғысымды айтамын. Дегенмен, бүгінде біздің көмегімізге зәру балалар әлі де бар. Сондықтан мен «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры Дархан Қалетаев мырзадан тағы ақша тауып беруді сұраймын. Соның арқасында біз бұдан да көп балаларды қамти аламыз», - деп атап көрсетті С.Кол.