Біздің лаңкестікке қарсы құрылымымыз лаңкестерге жойқын соққы бере алады - ШЫҰ Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымының атқарушы директоры Ж.Жұманбеков
ТАШКЕНТ. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан астанасында ШЫҰ Лаңкестікке қарсы Аймақтық құрылымдар кеңесінің XVIII отырысы болып өтті.
Отырыс жұмысына Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Жанат Жарасов бастап барды.
Брифинг барысында ШЫҰ Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымының атқаушы директоры Жеңісбек Жұманбековтің хабарлағанындай, отырыста ШЫҰ Лаңкестікке қарсы Аймақтық құрылым кеңесінің 2010 жылдағы Ұйымға мүше елдер мемлекет басшылары кеңесінің жұмысы туралы баяндамасы бекітілді.
«Бұл 2010 жылдан 2012 жыл аралығында атқарылатын үлкен бағдарламаның орындалып жатқандығы. «Саратов-Антитеррор» атты барлық күштер мен құралдарды пайдалана отырып жүргізілген кең ауқымды жаттығулар біздің лаңкестікке қарсы құрылымымыз лаңкестерге жойқын соққы бере алатындығын көрсетті», - дейді былтырғы жылғы Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылым қызметін қорыта келе Ж.Жұманбеков.
«Сонымен қатар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы, Ташкенттегі ШЫҰ Саммиті, Қытайдағы «Экспо» көрмесі, Гуанчжоудағы жазғы Олимпиада ойындары, Қазақстандағы қысқы Азиада, ЕҚЫҰ Саммиті сияқты көптеген қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізілді, олар барлық күштер арқылы үйлестірілді», - деп атап өтті Ж.Жұманбеков.
«Лаңкестік іс-қимылдарыға қатысты бар адамдарды іздеу бойынша да үлкен жұмыс атқарылды. Өткен жылы халықаралық іздеу жарияланған 71 адам құрықталды», - деп толықтырды Ж.Жұманбеков.