БҚО әкімі: «Нұр Отан» ХДП ел өміріндегі оң өзгерістерде өзінің айшықты орнын алады

 ОРАЛ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы ел өміріндегі оң өзгерістерде өзінің айшықты орнын алады.
None
None

Бұл туралы 4 желтоқсан күні облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаев партия ұйымының облыстық конференциясында жасаған баяндамасында айтты. Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қатысып, сөз сөйледі.

Нұрлан Асқарұлының атап өткеніндей, партия тарихи тағылымға, қоғамдық дамудың бай тәжірибесіне, руханият пен отаншылдықтың қастерлі қағидаларына арқа сүйейді.

Партияның бағдарламалық ұстанымдарының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және ол нақты істермен дәлелденді. «Нұр Отан» партиясы қазіргі заманның сынақтарына дер кезінде назар аударып, өз бағдарламасын үнемі жетілдіріп келеді. Партия көшбасшысы жариялаған реформаларды іске асыру экономикамыз бен қоғам өмірін жаңартуға мүмкіндік береді.

Осы миссияға сәйкес «Нұр Отан» партиясының ХІV съезінде «Қазақстан. 2017 мақсаттары, ұлттық іс-қимыл жоспары»  сайлауалды тұғырнамасы қабылданып, алдағы уақыттағы жұмыс бағыттары ұсынылды. Бұл бағыттар республикалық және облыстық бюджеттерді жасақтағанда, заң шығарушылық қызметте және салалық даму бағдарламаларын бекіткенде негізгі бағдар болып табылады.

Дамудың жаңа белестеріне жету үшін Елбасымыз, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Нұр Отан» парттиясын қажетті барлық ұйымдастыру, кадр және интеллектуалдық ресурстармен қамтамасыз етуді мақсат еткен болатын. Осы орайда Елбасы ұсынған стартегия, партиялық бағдарлама ел ынтымағының негізіне айналды. Елбасы төрағалық ететін партия - жаңа бағыттың идеялық дем берушісі ғана емес, алға қойылған міндеттерді шешу үшін қоғамды жұмылдырудың шынайы орталығы да.

2011-2012 жылдары ел өмірінде айтулы оқиғалар болғаны мәлім. Осы есепті мерзім ішінде облыстық партия ұйымының 2 конференциясы, саяси кеңестің 6, бюроның 17 отырысы өткізіліп, оларда маңызды міндеттер талқыланды. Қазіргі таңда өңірде 325 бастауыш партия ұйымында 31896 партия мүшесі бар. Оның 51,8 пайызы - бюджеттік, соның ішінде 34,2 пайызы - білім беру саласының қызметкерлері. Өкінішке қарай, шағын және орта бизнесте (3 пайыз), шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарда (1,6 пайыз) партия мүшелері аз.

«Нұр Отан» - Қазақстанның саяси жүйесінің келбеті. «Нұр Отанға» мемле­кеттің тағдыры үшін жауапкершіліктің бар салмағы жүктеліп отыр. Қазіргі таңда жетекші партияның ел билігінде көшбас­шылық рөлі де, ат салысып жүрген жұ­мыстары да өріс алып келеді.

Алдағы уақытта да өзінің ашық, сындарлы, заман талабына сай және серпінді саясаты, мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығы арқылы - «Нұр Отан» партиясы елдің саяси негізін нығайтушы күші екендігін сан рет дәлелдейтініне сенімдіміз.Ең бастысы, халық бірлігі - ел бірлігі. Әлемде Қазақстанды әр ұлттың бір біріне деген сыйластығымен, тілін, дінін және мәдениетін құрметтеумен өмір сүретін мемлекет деп таниды. Міне, осы саясат партияның да алдағы кезеңдерде ұстанатын басым бағыты болып қала бермек», -деді әкім.

Соңғы жаңалықтар