БҚО-да 200-ге жуық мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа негізсіз тартылған

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында үстеме және артық жұмысқа тарту деректерін анықтау мақсатында жыл басынан бері 118 мемлекеттік органға мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Более 2 тысяч нарушений среди госслужащих выявили в ЗКО
Фото: freepik

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсаловтың мәлім еткеніндей, соның нәтижесінде 194 мемлекеттік қызметшінің үстеме жұмысқа негізсіз тартылғаны анықталды. 

Мұрат Сейілбекұлының сөзіне қарағанда, оларға құқықтарын қалпына келтіру мақсатында 840 сағат демалыс уақыты ұсынылды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау да ұдайы назарда.

— Департаментпен жүргізілген бақылау іс-шаралары нәтижесінде 27 963 (тексерулерге сәйкес — 16 842, мониторинг нәтижелері бойынша — 11 121) бұзушылық белгілі болды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ең көп заңбұзушылық ауыл шаруашылығы (14 953, 53,4 пайыз), денсаулық сақтау (7 917, 28,3 пайыз), жер қатынастары (311, 1,1 пайыз) саласының үлесіне тиеді, — деді М.Байсалов.

Оның айтуынша, департаментке қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қатысты 155 шағым келіп түскен. Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша 25 шағымда көрсетілген дәлелдер расталып, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 21 мемлекеттік қызметшінің теріс себептермен жұмысынан босатылғанын жазған едік. 

Сондай-ақ БҚО-да автокөлікке масаң күйде отырған ауыл әкімі қызметінен кеткені белгілі болды.